ЖаңалықтарМектептің мәдени өмірі

Жұмыс берушілерге арналған маңызды ақпарат

Сізге өз бетіңізше электронды еңбек биржасына (www.enbek.kz) тіркелуіңізді ұсынамыз немесе төленетін жалақы көлемі, біліктілік деңгейі мен басқа да талаптары көрсетілген қажетті қызметкерлер туралы ақпаратты Халықты жұмыспен қамту орталығына жіберуіңізді сұраймыз. Жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кейінгі қызметкерлерді таңдау жұмысы толығымен Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады. Портал сілтемесі: https://www.enbek.kz/kk

«Үміткерлерге арналған маңызды ақпарат»

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482-V Заңынан үзінді

  1. Жұмыссыздар құқылы:

1) халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға:

– лайықты жұмыс іздеу бойынша және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары (жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, қысқа мерзімді оқу) жөніндегі көрсетілетін қызметті;

– қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында консультациялық, ақпараттық көрсетілетін қызметтерді және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;

– еңбек нарығының біртұтас ақпараттық базасында қамтылған өзі туралы мәліметтерді тегін алуға;

2) егер ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді;

3) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға;

4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылуға құқығы бар.

Жұмысты көпарналы іздестіру үшін үміткерлер өз түйіндемелерін электрондық еңбек биржасында орналастыра алады. Портал сілтемесі: https://www.enbek.kz/kk

Ұқсас мақалалар

Back to top button