Жаңалықтар

Жерлесіміздің кезекті жеңісі

Қазақстандық Жан Кособуцкий кезекті жеңісіне қол жеткізді. Кәсіпқой бокс кеші Минск қаласында өтті. Жерлесіміз польшалық Камила Соколовскимен жұдырықтасқан болатын. 10 раундқа есептелген жекпе-жектің тағдыры соңғы минуттарда шешілді. Жан қарсыласын соққының астына алып, нокаутқа жіберді. Осылайша аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокста 14 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Айта кету керек, оның 13-ін уақытынан бұрын аяқтады. Жекпе-жектен кейінгі сұхбатында Жан жыл соңына дейін, нақытарқ айқанда, қазан айында тағы бір кездесу өткізетінін мәлімдеді. Жерлесіміз кәсіпқой боксқа 3 жыл бұрын ауысқан брлатын және осы аралықта IBO Inter-Continental белдігін иемденіп үлгерді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу