Жаңалықтар

Велоспорттан ел біріншілігі тамызда өтеді

Қазақстан велосипед спорты федерациясы Халықаралық велосипедшілер одағының жаңа күнтізбесіне сәйкес ел чемпионаты өтетін жаңа мерзімді бекітті деп жазады Olympic.kz. Ұлттық біріншілік 16-23 тамыз аралығында Петропавл қаласында өтеді.  17 тамыз күні жасөспірімдер арасындағы критериум жарысы, 18 тамыз күні ересектер мен жасөспірімдер арасындағы командалық бәсеке ұйымдастырылады.  19 тамыз күні жасөспірімдер арасындағы жекелей сын, 20 тамыз күні ересектер арасындағы жекелей сын жеңімпаздары анықталады.  21,22,23 тамыз күндері топтық жарыс жоспарланған. Коронавирус індетіне байланысты алдағы уақытта өзгерістер болуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу