Жаңалықтар

Үстел теннисі шеберлері көрсеткен жеңістер!

Үстел теннисінен екі ойын күндерінің қорытындысы бойынша ерлер арасында өнер көрсеткен спортшымыз Герасименко Кирилл қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, 5-6 қазан аралығы Павлодар қаласы «Баянтау» спорт сарайында үстел теннисінен Ермек Китаевты еске алуға арналған ашық үстел теннисі турнирі өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан және Рессей елінен жалпысаны 160 теннисші-шеберлері 40, 40-59,60 және одан да жоғары жас топтарында өнер көрсетті.

Ермек Қапанұлы Китаев– №1 Қашыр орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген және үстел теннисіне деген сүйіспеншілігінің арқасында, көптеген үстел теннисінің хас шеберлерін өсіріп, спортшылардың бірқатар буынын дайындаған есімі үлкен әріптен сақталатын ұстаз!

Сонымен қатар, 3 қазан Алматы қаласында өткен үстел теннисінен «Оңтүстік астана » атты 21-ші Халықаралық турнирінде өнер көрсеткен спортшымыз, республикалық спартакиаданың чемпионы атанған Анастасия Лаврова, қарсыласы Зәуреш Ақашеваға (Қарағанды) есе жіберіп екінші орынды иеленді. Күміс жүлде иегері Анастасия Лаврованы құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу