Жаңалықтар

Ұлттық құраманың жаттығу жиыны басталды

Бүгін әйелдер күресінен ұлттық құрама оқу-жаттығу жиынын бастайды. Бұл қазақстандық бұрымдылардың карантиннен кейінгі алғашқы дайындығы. Бас бапкер Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, жаттығу жиынына көп спортшы шақырылмаған.  «Біршама үзілістен соң оқу-жаттығу жиындарын қайта бастағалы отырмыз. Біз үшін ең маңызды нәрсе – спортшылардың денсаулығы. Сол үшін барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтайтын боламыз. Жиынға ұлттық құраманың бірінші және екінші құрамын шақырдық. Дайындыққа қатысатын спортшылар саны отыздан аспайды. Балуандарға тек үш жаттықтырушы ғана бас-көз болады. Спортшылар сантитарлық талаптарды қатаң сақтайды», – дейді бас бапкер.

Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу-жаттығу жиындарына төмендегі спортшылар шақырылған:  Валентина Исламова, Светлана Анкичева, Татьяна Аманжол, Эмма Тиссина, Диана Каюмова, Мадина Бақбергенова, Назерке Рысбекова, Гаухар Мұқатай, Сандуғаш Дүйсенғалиева, Алтынай Сатылған, Айгүл Нұрәлім, Марина Седнева, Аяулым Қасымова, Жәмила Бақбергенова, Гүлмарал Еркебаева, Айна Теміртасова, Александра Зайцева, Эллада Махяддинова, Альбина Қайыргелдинова, Ирина Кузнецова, Эльмира Сыздықова, Нәзира Аманжолова, Ирина Казюлина.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу