Қайырымдылық қоры

«Тастамасқа амалым жоқ»…

Бұрынғының «Жетім көрсең жебей жүр» сөздерінің бүгінгі көрінісі, – «Тастамасқа амалым жоқ», деген аналардың тастанды балаларын, тағдыр талқысынан тентіретпей қамту үшін жұмыс жасайтын орталықтың бүгінгі жай-күйі әрбір азаматты толғандыратыны хақ. Осыған сәйкес, 2019 жылдың 22  ақпан күні  «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі басшысы мен ұжымы Астана қаласында орналасқан «Кәмлетке толмағандарды бейімдеу орталығына»барған болатын. Басты мақсат – ата-ананың мейірімін сезіне алмай, емін-еркін еркелей алмайтын бүлдіршіндеріміздің жүрегіне аз да болса қуаныш сезім ұялатып, көңілдерін көтеру. Байқағанымыз, әр баланың жүзінде күдік пен үміт тайға таңба басқандай көрініп-ақ, тұр. Аталмыш орталықтың аға тәрбиешісінің айтуынша,  статистикалық көрсеткіш жылдан жылға ұлғаюда. Мұндағы балалардың мекемеде қалу уақыты аз дегенде – үш ай болса, сол аралықта бүлдіршіндердің ата-анасының тұрмыс-жағдайы реттеліп, уақыт созбай бауыр еті балаларын бауырына алса деген тілегіміз бар.

Back to top button
Жабу
Жабу