Жаңалықтар

Талғат Ақтаевты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі еркектер мен әйелдер арасындағы дзюдодан Ашық Қазақстан Республикасының Чемпионаты

Талғат Ақтаевты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі еркектер мен әйелдер арасындағы дзюдодан Ашық Қазақстан Республикасының Чемпионатында спортшылармыз Хаби Алтынай, Абдималик Мухтар және Мусурман Динара күміс және қола медальдарын жеңіп шықты.
63 кг.дейінгі салмақтық дәрежеде Хаби Алтынай Қызылорда облысының спортшысы Алмахамбет Гүлдерайымға орын беріп, финалға дейін жетті. Жартылай финалда отандасымыз Маңғыстау облысының спортшысы Тұрдан Ақниетті жеңіп Астана қаласының қоржынына күміс медаль әкелді.
Абдималик Мухтар +100 кг. салмақ дәрежеде екінші орынға ие болып, ҚР спорт шеберінің нормативтерін орындады.
52 кг.салмақтық дәрежеге дейін Мусурман Динара Жамбыл облысының спортшысы Ерназар Акмаралды жеңіп, қола күмісті жеңіп шықты.
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш жарыс Өскемен қаласында 04-05 мамыр аралығында болып өтіп, Қазақстанның, Қырғыстанның және Ресейдің 400-ден аса спортшылары ат салысқан болатын.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу