ЖаңалықтарМектептің мәдени өмірі

Рухани жаңғыру

Ағымдағы жылдың 22 қараша күні, Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» ЖСШМ» КММ-нің ұжымы Елбасымыздың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру атты жолдауына орай, өткенді еске алу – орныққан ұлтаралық келісімнің негізі болып табылады деген оймен Алжир мұражайына, профилактикалық тіркеуде тұрған кәмелетке толмаған бала – Репетунов Дмитриймен барып қайтты. Біз тарихымызды ешқашан ұмытпауымыз керек. «Толағай» ұжымы және Дмитрий мұражайда сол бір тарихи оқиғаларды көріп, естіп, сезінгендей, алуан түрлі әсерлер алып қайтты.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылы 31 мамырда саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ашылған.Мұражай ғимараты кесілген конус пішіндес. Бұл құпиясы мен сыры мол қобдиша, қайғы сақтау орны іспеттес. Ғимараттың терезесі жоқ, бірақ жарық экспонаттарға жоғарғы жақтан түсіп тұрады және құпия біртіндеп ашылады дегенді меңзейді. Мұражайға кіру тоннельден басталады. Тоннель мен оның қабырғасында салынған суреттер халықтың қуғын-сүргін жылдарындағы қиын-қыстау тағдырын көрсетеді. Тоннельде тоталитаризм дәуіріндегі жер аудару вагондары мен арбалардағы қуғынға ұшыраған адамдар, ату жазасына кесілгендер бейнелері кескінделген.
Сол кезеңде халқымыздың басым бөлігі қасаң да қатаң мемлекеттік саясаттың құрбанына айналды. Миллиондаған совет азаматтары репрессияға ұшырады.
1937-38 жылдары қазақтың көрнекті қайраткерлерінің барлығы репрессияланды. Сондай-ақ респрессия құрбандары ішінде Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілхайыр Досов, Смағұл Сәдуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров та бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелеріне осы қоғам қайраткерлері мен қазақтың көрнекті азаматтарының аты берілген. Олардың еңбектерін оқушылар, студенттер оқып, ғалымдар зерттейді. Олардың құрметіне мемлекетте мемориалдық кешендер орнатылып, ескерткіштер ашылған.
«Өткенді еске алу – орныққан ұлтаралық келісімнің негізі болып табылады». Н.Ә.Назарбаев.

Ұқсас мақалалар

Back to top button