Жаңалықтар

Қол күрестіруден бойынша XVII Азия чемпионаты!

19 сәуірде Щуче қаласында қол күрестіру бойынша XVII Азия чемпионатының салтанатты түрде ашылуы рәсімі өтті. Азия елдерінен 600ден аса спортшылар ат салысуда.
Жарысқа юниорлар, жастар, ардагерлер мүмкіндіктері шектеулі спортшылар және негізгі құрам белсене қатысуда. Ересектер жеке: 55, 60, 65, 70, 80, 85,90, 100, 110 келі салмақта және әйелдер: 50,55,60,65,70,80 , +80 салмақта күш сынасуда.
Қол күрестіруден Азия чемпионат Қазақстанда үшінші мәрте жоғары денгейде өтуде. Алғашықда Өскемен қаласында өткен (2008ж.), кейін Алматы қаласында (2011г.) өткен болатын.
Жылдан жылға тұрғындардың арасында Қол күрестірудің танымдылығы артып келеді. Ол барлық азаматтарға қол жетімді бұқаралық спорт түрі болып табылады. Қол күрестіру бойынша Қазақстан құрамасы Азия елдерінің арасында алдыңғы қатардағы орындарға ие болып, бірнеше жылдар бойы көшбасшылардың үштігінде өз орнын бекітті.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу