Жаңалықтар

Қазақстанда ең үздік қол палуандары анықтады Қазақстанда XVII-ші қол күрестіруден Азия чемпионаты өтті.

Ең мықты палуан атағына ие болу үшін 11 мемлекеттен, оның ішінде Иран, Үндістан, Япония атлеттері өз күштерін аямады. Күштерін сынауға республикамызға мүмкіндіктері шектеулі спортшыларда келді.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылардан басқада әр түрлі салмақтық дәрежедегі спортшларға жеке-жекеден ерекектер, әйелдер, жастар, қыздар және ардагерлер арасында медальдар ойнатылды. Күреске оң қолмен және сол қолмен де қатысуға рұқсат берілді. Чемпионаттың жеңімпазы болып рекордтық 130 медальін қоржындарына иеленіп жергілікті команда атанды. Қол күрестіру бойынша Қазақстанның құрамасы дүние жүзі бойынша ең мықты командалардың бірі болып саналады.Бірақ әзірше Ресейге жол беруде.
Аталмыш жарыстар жеңімпаздарға қазан айында Түркия елінде өтетін 40-шы Әлем чемпионатына жолдама береді. Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушылары Асаинов Марат Майнышұлын (қол күрестіруден бойынша, ҚР еңбек сігірген спорт шебері) жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!
Ахмедов Заир 70 кг. (оң қол) 1-орын, (сол қол) 3-орын
Муратов Алижан 80 кг. (оң қол) 3- орын, (сол қол) 2- орын
Алим Асылхан 80 кг. (сол қол) 3- орын
Кушьялов Роман 90 кг. (оң қол) 2- орын
Дзеранов Георгий 100 кг. (оң қол) 2- орын, (сол қол) 1- орын
Кобесов Александр 110 кг. (оң қол) 1- орын

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу