Жаңалықтар

Қазақстан спортшылар одағының бастамасы

Қазақстан спортшылары саладағы айтулы тұлғаларға көше атауларын беру туралы бастаманы қолдайды. Әсіресе, Ольга Шишигина, Илья Ильин, Ермахан Ибраимов, Болат Жұмәділов сияқты әлем және олимпиада чемпиондары олардың еңбегін жоғары бағалап, идея аяқсыз қалмау керек деген пікір білдірген. Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Қазақстан спортшылар одағы отандық спорттың дамуына аянбай еңбек етіп, ел абыройын асқақтуға атсалысқан 3 адамға көше атауын беру жөнінде мәселені көтерді. Оның ішінде Қазақстан боксының өкіл әкесі Бекет Махмұтов, елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы Александр Апачинский және танымал спорт функционері Аманша Ақбаев бар.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу