ЖаңалықтарМектептің мәдени өмірі

Қазақ күресінен Әлем Чемпионаты.

Ағымдағы жылдың 4 мен 8 қазан аралығында Ұлттық спортымыз Қазақ күресінен Белоруссия мемлекеті Минск қаласында Әлем Чемпионаты аяқталды. Жарысқа 30 мемлекеттен 100 ден аса спортшылар бақтарын сынады. «Толағай «ЖСШМ»-нің мақтан ететін спортшылары, басшысымыз Данияров Бағдат Болатовичтың түлектері – Әлем Чемпионатының жеңімпаздары атанды.
Мұсырманов Жақсылық 60 келі салмақ дәрежесінде мектеп, ел намысын қорғап, 4 кездесу жасады. Барлық қарсыластарын таза ұпаймен жеңіп шықты, ақтық айқаста Монғолия мемлекетінің халықаралық дәрежедегі спорт шеберінде таза ұпаймен жеңіп құрметті – І орынды ұтып,
Жақсылық – Әлем жеңімпазы атанды.
Қазақ күресінде Тұңғыш рет қыздар арасында 70 келі салмақ дәрежесі Әлем Чемпионатына қосылды. Спортшымыз Хаби Алтынай 70 келі салмақ дәрежесінде жалпы 3 кездесу жасады. 1-ші кездесу Белорусс спортшысы, 2-ші Ресей спортшысы, 3-ші Белгия мемлекетінің спортшыларын таза ұпаймен жеңіп шығып, Алтынай – Әлем Чемпионатының жеңімпазы атанды.
Пак Сергей абсолютті салмақ дәрежесінде күресіп ақтық айқаста Белорусс мемлекетінің спортшысынан ұпаймен жеңіліп, қола жүлде үшін Бразилия мемлекетінің спортшысын таза ұпаймен жеңіп құрметті ІІІ орынды иеленді.
Спортшылармыз қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері атағын иеленді.
Спортшыларымызды және Басшымызды Құттықтаймыз ! Мақтан етеміз!

Фото Швсма Толағая.
Фото Швсма Толағая.        Фото Швсма Толағая.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу