Жаңалықтар

Қазақ күресінен 23 ж.д. ҚР Чемпионаты !

Ағымдағы жылдың 21 мен 27 тамыз аралығында, Ұлттық спортымыз – Қазақ күресінен Қызылорда қаласында 23 жасқа дейінгі ҚР Чемпионаты аяқталды. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ге жуық спортшылар қатысып, бақтарын сынады. ҚР Чемпионатына «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің» жаттықтырушысы біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Естек Ерланның 3 спортшысы мектеп намысын қорғап келесі үздік нәтижелер көрсетті:
Темирханов Данияр – І орын (74 келі),
Әшім Сағындық – ІІІ орын (66 келі),
Амангелді Мади – ІІІ орын (82 келі).
Спортшыларымызды және Жаттықтырушымызды Құттықтаймыз! Алда толағай табыстар тілейміз !

#Астанаспортивная #АсетИсекешев #Астана #Казахстан #Астана_Акимат #smileAstana

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу