Жаңалықтар

Қандай спорт нысандары жөнделуде?

Елорада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша үш спорт нысаны жөнделіп жатыр. Оның бірі – «Толқын» спорт кешені. Қазіргі уақытта кешеннің шатырын күрделі жөндеуден аяқталды. «Астана Арена» стадионында футбол алаңдары, киім ауыстыратын бөлмелер мен кіреберістер жаңаруда. Сондай-ақ, «Қазақстан» спорт сарайын ақылды технологияларды қолдана отырып, модернизациялау және пайдалануға беру жобасы жүзеге асырылып жатыр.

IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығының талаптарына толық сәйкес, жабық үй-жайларда жеңіл атлетика бойынша халықаралық және республикалық жарыстарды өткізетін жеңіл атлетика спорт кешені пайдалануға беріледі. Бұл нысанның ашылуымен елордада спортшыларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде әлем чемпионаттары мен олимпиада ойындарына дайындауға арналған заманауи жоғары технологиялық база пайда болады.

Ильинка, Көктал-2, Өндіріс, Железнодорожный тұрғын алаптарында төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда бүгінде 30 ірі спорт нысаны жұмыс істейді, оның 18-і мемлекеттік, 12-сі жеке меншік.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу