Жаңалықтар

Оқу-жаттығу жиыны басталды

Ұлттық құрамадағы боксшылар Алматы облысында бас қосып, арнайы базада оқу-жаттығу жиынын бастады. «Сантитарлық нормаларға сәйкес ұлттық командамыздың барлық мүшелері жиынға келер алдында және осы жерде коронавируске тест тапсырды. Алғашқы аптада Талғарда ашық аспан астында жаттығамыз. Одан кейін жиынымызды айтулы аудан аумағында қоныс тепкен Олимпиадалық даярлау орталығында жалғастырмақ ниеттеміз. Осы жерде ауыртпалық артады. Атап айтсақ, боксшылар кросс жүгіреді, тренажер залында шынығады, бассейнде жүзеді, тау-тасқа шығады. Бұл функционалдық даярлықты жетілдіру үшін өте қажет. Ал соңғы аптада рингте жаттығып, спаррингтер өткіземіз. Алатау бөктерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны 5 қазанға дейін созылады», – дейді бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев. Оның айтуынша, бұған дейін ұлттық құрама сапындағы боксшылар өз өңірлерінде даярланып, Алматыдағы жиынға жақсы бабында келген екен.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу