Жаңалықтар

Оқу-жаттығу жиындары басталды

Қазақстандық спортшылар оқу-жаттығу жиындарына оралды.  Карантин жағдайдағы оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және бақылау үшін құрылған Ұлттық Ұлттық Олимпиада комитетінің жедел штабы ұлттық құрамаларға арналған оқу-жаттығу жиындарын өткізу мен ұйымдастыруды қайта бастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Olympic.kz. Жаттығу жиыны кезінде нысандардың дайындығы, талапқа сәйкестігі және олардың белгіленген нормаларды сақтауы жедел штабтың қатаң бақылауында болады. Спорт нысандарында барлық санитарлық норманың сақталуын қамтамасыз ету үшін үнемі тиісті тексерулер жүргізіледі. Тамыздың үшінші онкүндігінен бастап ауыр атлетика, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, садақ ату, шорт-трек, гандбол және көркем гимнастика құрамалары қазірдің өзінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан командалар қатарына қосылды.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу