Жаңалықтар

Олимпиада жүлдегері коронавирус жұқтырды

2008 жылғы Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жүлдегері, қазір Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев коронавируспен ауырды. Қазір ол Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада емделіп жатыр. «Иә, талдау оң нәтиже көрсетті. Маған пневмония диагнозы қойылды. Ауруханада бір апта бойы емделіп жатырмын. Қазіргі таңда өзімді жақсы сезінемін. Алғашқы күндері өте қиын болды. Дене қызуым қатты көтеріліп, жөтеле бастадым. Кейін бірден жедел-жәрдем шақырдым. Сондықтан барлығыңыз денсаулықтарыңызға дұрыс мән бергендеріңіз дұрыс», – дейді Нұрбақыт Теңізбаев.

Нұрбақыт Теңізбаев − қазақ грек-рим күресі, 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (Ыстамбул, 2003 ж.), Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу