ЖаңалықтарМектептің мәдени өмірі

Нашақорлыққа жол жоқ ! Есірткісіз болашақ !

2017 жылдың 26 маусым Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай Бурабай кенті «Балдаурен» Республикалық сауықтыру орталығында-Нашақорлыққа жол жоқ ! Есірткісіз болашақ ! Сау болу өмірдің өзегі !  атты мектеп оқушыларына іс-шара өткізілді. ҚР ІІМ есірткібизнесі және есірткі айналымын бақылау департаментінің басшысы Кусетов Султан Турлиновичтің басшылығымен мектеп оқушыларына спорт, өнер саңлақтарымен кездесу өткізілді. Іс-шарада Гюзель Манюрова еркін күрестен 2012-Лондон және 2016-Рио Олимпиадаларының күміс жүлдегері, Жансая Абдумалик(гроссмейстер) шахматшы қызымыз, ҚР әншісі, Славян базарының жеңімпазы Дәурен Оразбековтың қатысуларымен іс-шара өтті. 2008 жылғы Пекин Олимпиада ойындарының қатысушысы, Әлем Чемпионатының жеңімпазы, «Толағай»ЖСШМ» басшысының оқу-спорт жұмыстары бойынша орынбасары Акшалов Мерей Төлегенович іс-шараға шақырту алып, оқушыларға нашақорлыққа жол жоқ тақырыбында сөз сөйледі.

Ұқсас мақалалар

Back to top button