Жаңалықтар

«Ливерпуль» чемпион атанды

«Ливерпуль» – ағылшын премьер лигасының чемпионы. Англиядағы футбол аламаны әлі аяқталмады. Бірақ, жеңімпаздың есімі белгілі. Мерсисайдтық клуб соңғы 30 жылда алғаш рет осындай жетістікке жетіп отыр. Бұл жөнінде «Челси» мен «Манчестер Сити» арасындағы кездесуден кейін белгілі болды. 31-ші тур аясында лондондық клуб 2:1 есемен басым түсті. Нәтижесінде, турнир тізіміндегі «Ливерпуль» мен «Манчестер» арасындағы ұпай айырмасы арта түсті. Қазір 23 ұпайды құрайды және бұл чемпионат соңына дейін манчестерлік клуб бірінші орынға шыға алмайды дегенді білдіреді.  Осыған байланысты «Ливерпуль» жанкүйерлері көшеге шығып, чемпиондықты тойлауды бастап кетті. Айта кетейік, «Ливерпуль» ең соңғы рет 1990-шы жылы ішкі біріншіліке топ жарған.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу