Жаңалықтар

Күрес түрлерінен Әлем Чемпионатының қорытындысы бойынша.


Күрес түрлерінен Әлем Чемпионатында Қазақстан #ұлттық #құрама командасы жалпыкомандалық көрсеткіште 14 орынға аяқ тіреді. Қазақ #халқы үшін 7 #саны #киелі екенін ескере отырып, чемпионаттың #нәтижесі бойынша қоржынымыз 3 күміс, 4 қола медальдарымен толықты:

Күміс🥈

Дәулет Ниязбеков (еркін күрес, 65 кг)

Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес, 70 кг)

Қорлан Жақанша (грек-рим күресі, 55 кг)

Қола🥉

Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим, 60 кг)

Алмат Кебіспаев (грек-рим, 63)

Нұрислам Санаев (еркін күрес, 57 кг)

Валентина Исламова (әйелдер күресі, 50 кг)

Тұңғыш рет елімізде өткен маңызы зор байрақты аламаннан #алқа салған спортшыларымызға #алғыс білдіреміз! Сонымен қатар жеңімпаздар қатарынан бой көрсеткен «Толағай» ЖСШМ балуандары Кебіспаев Алмат пен Исламова Валентинаны шын жүректен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button