Жаңалықтар

Командалық турнир!

Астана қаласының 20 жылдығына орай дзюдо бойынша командалық турнир ​2018 жылы 18 маусымда Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай Семей қаласында «Тарлан» СК келесі командалардың дзюдодан командалық турнир өтеді: ШҚО құрамасы, Семей қ. АСК, Семей қ. ЖСШМ, Астана қ. құрамасы. Турнирдің ұйымдастырушысы Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы. Жарыстың өтуіне жауапты Шығыс Қазақстан облысының облыстық әкімдігінің мәдениет және спорт бөлімі мен Семей қаласының мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Толағай» ЖСШМ болып табылады. Турнирдің негізгі мақсаттары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «Рухани жаңғыруды» Қазақстан халқына жодауын жүзеге асыру және жастар арасында спортты насихаттау.
​Турнирдің бас төрешісі – ШҚО-ның жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушы, ҚР спорт саласындағы Еңбек сіңірген қайраткері​Шарипов Аман Қасыпқанұлы.
​Турнирде ересектер арасында 6 салмақтық дәрежеде, ал әйелдер арасында 4 салмақтық дәрежеде 4 команда күш сынасады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу