Жаңалықтар

Карантиннің спорт саласына әсері

Карантиннен кейін спортшылардың қайта бабына келуі үшін кемінде жарты жыл керек. Бұл жөнінде ескек есу спорты бойынша елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы Асхат Қалиақпаров мәлімдеді. Оның айтуынша, ұзақ үзілісте спортшылар физикалық бабын жоғалтып алған. Қалыптасқан жағдай, әсіресе, су спорты түрлерінің өкілдеріне ауыр тиіп жатыр. Өйткені, судағы дайындықсыз болмайды. Ал, үй жағдайындағы не ашық аспан астындағы әзірлікпен бапты ұстап тұру мүмкін емес. Қазір ұлттық құрма мүшелері өз аймақтарында жекелей дайындық жүргізіп жатыр. Ал, суға түсіп, арнайы әзірлікті пысықтауға әзірге рұқсат жоқ.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу