Жаңалықтар

Карантиннен кейінгі жаттығу жиыны

Алатау бөктерінде бұрымды боксшылардың оқу-жаттығу жиыны жалғасып жатыр. Ерік Алғабек жаттықтыратын қыздар короновирусқа қатысты тест тапсырды және санитарлық талаптарды қатаң сақтайды. Оқу-жаттығу жиынына 24 спортшы ғана шақырылған. Яғни, ұлттық құрамадағы 1-ші және 2-ші нөмірлі боксшылар. Олар алғашқы аптада жалпы физикалық дайындықты пысықтап, ұзақ үзілістен кейін қалыпқа келе бастады. Енді арнайы дайындықтарға кіріседі. Мына эксклюзивті кадрларды бізге білікті бапкер Қайрат Манашев жіберді. Бұл жерде жүктеме біртіндеп беріліп, кезең-кезеңмен күшейтіліп жатқаны анық байқалады. Алматыдағы жиын 26-шы маусымға дейін жалғсады. Айта кетейік, осының алдында бокстан ерлер құрамасы карантиннен кейін дайындықты пысықтаған болатын.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу