Жаңалықтар

Головкин жүлдесіз қалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) коронавирус пандемиясына байланысты жыл сайынғы жиынын келесі жылға қалдырды. Бірақ үздіктерді таңдап, жеңімпаз атанған спортшылардың есімін атады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша, Джерси Джо Уолкот­тың атындағы «Жыл боксшысы» деген ең мәртебелі атаққа жартылай орта салмақтағы британиялық боксшы Эррол Спенс ие болды. Ол 2017 жылы IBF белбеуін иеленіп, бүгінге дейін атағын төрт рет сәтті қорғаған. Ал жылдың үздік әйел боксшысы аталымы бойынша жеңіл салмақта абсолютті әлем чемпионы Кэти Тейлор жеңімпаз деп танылды. 2016 жылы кәсіпқой боксқа ауыс­қан К.Тейлор бүгінге дейін 15 кездесу өткізіп, барлығында жеңіс­ке жеткен.

Сондай-ақ жартылай ауыр салмақтағы IBF және WBC чемпионы Артур Бетербиев (Ресей), екінші орта салмақтағы IBF белдігінің иегері Мари-Ив Дикер (Канада), жеңіл салмақтағы IBF чемпионы Морути Мталане (ОАР), орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Кларисса Шилдс (АҚШ) және жартылай жеңіл салмақтағы IBF белбеуінің иегері Джош Уоррингтон (Британия) жыл үздігі атанды. Ал Наоя Иноуэ мен Нонито Донэр айқасы «Жыл жекпе-жегі», Top Rank үздік промоутерлік компания аталымын жеңіп алды. 2019 жылы орта салмақта IBF белдігін олжалаған отандасымыз Геннадий Головкин жүлдесіз қалды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу