Жаңалықтар

Гір спорты бойынша ҚРЧ спортшыларымыздың сәтті шығулары

Қостанай қаласында ағымдағы жылдың 30 сәуір мен 05 мамыр аралығында гір спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионаты болып өтті. Барлығы 9 ауданнан 102 спортшылар белсене қатысты.
«Толағай» ЖСШМ спортшылары 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальдарын жеңіп алып, ҚР бойынша рекорд орнатты.
Рекорд орнатқан спортшыларымыздың нәтижелері:
►ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мушекенов Тимур 68 салмақтық дәрежеде 10 минут ішінде 93 рет серпін, 32 кг. гірді сол қолымен 76 рет, оң қолымен серіпте 60 рет көтеріп, жалпы соммада 161 рет көтеріп чемпион атағын иеленді.
► ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ахметов Магзам 63 салмақтық дәрежеде 10 минут ішінде 92 рет серпін, 32 кг. гірді сол қолымен 58 рет, оң қолымен серіпте 82 рет көтеріп, жалпы соммада 162 рет көтеріп чемпион болды.
►ҚР спорт шебері Тлеушев Жомарт 68 салмақтық дәрежеде 10 минут ішінде 93 рет серпін, 32 кг. гірді сол қолымен 65 рет, оң қолымен серіпте 65 рет көтеріп, жалпы соммада 158 рет көтеріп, екінші орын иегері атанып, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды.
► ҚР спорт шебері Ашимов Адильбек 73 салмақтық дәрежеде 10 минут ішінде 105 рет серпін, 32 кг. гірді сол қолымен 55 рет, оң қолымен серіпте 55 рет көтеріп, жалпы соммада 160 рет көтеріп, үшінші орынды жеңіп шықты.
Спортшыларымызды және олардың жаттықтырушысы С.Абдахинды құттықтаймыз !

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу