Жаңалықтар

Гір көтеруден Әлем чемпионаты!!!

10-15 қазан Латвияның Даугавпилс қаласында ересектер, U-22 жастар және ардагерлер арасында гір көтеруден Әлем чемпионаты аяқталды. Чемпионатқа 35 елден 400-ден аса спортшы қатысты. Ересектер арасында «Толағай» ЖСШМ спортшысы Мағзам Ахметов әлемнің күміс жүлдесін иеленсе, ардагерлер арасында ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы Абдахин Серик Нургалиевич қатысып, 24 келіден екі гірді жұлқып көтеру 10 минутта 118 рет, сермелеу 171 рет, және жалпы есепте 203,5 ұпаймен әлемнің 16 дүркін чемпионы атанды. Спортшы және жаттықтырушыны жеңістерімен құттықтаймыз және үлкен жетістіктер тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу