Жаңалықтар

Гір көтеру спортынан Ашық Еуропа Чемпионаты

2017 жылдың 11-16 мамыр аралығында гір көтеру спортынан Латвия Мемлекеті Даугавпилс қаласында ересектер, жастар арасындағы Ашық Еуропа Чемпионаты өтті. Жарыста 32 Еуропа мемлекеті, жалпы 420 спортшы өнер көрсетті.  «Толағай» Жоғары спорт шеберлігі мектебінен 2 спортшы 1 жаттықтырушы қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Абдахин Серик Нургалиевич  гір көтеру спортынан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жоғары дәрежедегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері – ардагерлер арасында 73келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп – І орынды жеңіп алды.

Мушекенов Тимур 68 келі салмақ дәрежесінде – ІІІ орынды жеңіп алды.

Серпіліс(рывок) 32 кг гір тасын 140 рет, итеру(толчок) 79 рет көтерді.

Ахметов Магзам  63 келі салмақ дәрежесінде  – ІІІ орынды жеңіп алды. Серпіліс(рывок) 32 кг гір тасын 120 рет, итеру(толчок) 82 рет көтерді.

Спортшыларымыз Ресей мен Украина Мемлекеттеріне есе жіберді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу