Жаңалықтар

Елімізде спортшылар одағы құрылды

Әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген спортшыларды қолдау мақсатында Қазақстанда QAZAQSTANDYG SPORTSHYLAR ODAGY құрылды. Бұл туралы өз заманында әлемге әйгілі былғары қолғап шебері болған отандасымыз, «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ төрағасы Азамат Карлығашев мәлімдеді.

«Келесі жылы Тәуелсіз ел болғанымызға 30 жыл толады. Осы уақыт аралығында еліміздің спортшылары дүниежүзілік додаларда атой салып, Қазақстанның көк байрағын биікте көтеріп жүр. Біз осы мақсатта халықаралық бәсекелерде сынға түсіп жүрген спортшыларымыздың орнын басатын талантты жастарға қолдау көрсетеміз. Сол үшін балалар мен бұқаралық спорты дамытуға және танымал етуге ниеттіміз», дейді Азамат Карлығашев.

Сондай-ақ QAZAQSTANDYG SPORTSHYLAR ODAGY тек жастарға ғана емес, карьерасын аяқтаған ардагер спортшыларға да қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда аталған ұйым өңірлермен белсенді жұмыс істеп, әр облыста өкілдіктің филиалдарын ашуды көздеп отыр.

«Қазақстан спортшылар одағының» қуатты құрамында бірқатар Олимпиада және әлем чемпионаттарында топ жарған танымал спортшыларымыз бар. Атап айтар болсақ, Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина, Ермахан Ибраимов, әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері Илья Ильин, Серік Нұрқазов, Болат Жұмәділов, Нұржан Кәрімжанов, Қанат Әбуталипов, Серік Елеуов, Галиб Джафаров, Руслан Шамкенов және бокс жаттықтырушысы Сұлтан Қастоев.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу