Жаңалықтар

Бұқаралық спортқа баса мән берілмек

   

 

2025 жылға қарай елімізде спортпен айналысатындар саны 40 %-ке жетуі керек. Яғни, 7,5 млн адам осы бағытқа бет бұрады деген сөз. Бұл сылдыр статистика емес,  Президент Жолдауында айтылған нақты тапсырма. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігінде вице-министр Сәкен Мұсайбековтың төрағалығымен Дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылға арналған кешенді жоспарды жүзеге асыратын жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Кешенді жоспар 5 негізгі бағыттан тұрады: нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету; мектеп және студенттік спорт; спорт желілерін кеңейту; салауатты өмір салтын насихаттау және кеңінен тарату; спорттық-бұқаралық іс-шаралар. Қазақстан Республикасының 8 заңнамалық актісіне 33 түзету енгізу туралы ұсынысты қамтитын бұқаралық спорт жөніндегі Заң жобасы қазіргі таңда Парламент отырысына талқылауға жіберілді.

Сондай-ақ жоспар негізінде дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтан тыс сабақтар өткізгені үшін мұғалімдерге қосымша ақы енгізу, білім берудің барлық деңгейлерінде дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті енгізу, халықпен жұмыс істейтін спорт нұсқаушыларын дайындау, өңірлерде дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастыру да қарастырылып жатыр.

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу