Жаңалықтар

Бірінші Ұлттық спорт түрлері фестивальі және ТМД ойындары.

2017 жылдың 11-16 тамыз аралығында Ресей мемлекеті Ульяновск қаласында Бірінші Ұлттық спорт түрлері фестивальі және ТМД ойындары өтіп жатыр. Фестивальда келесі спорт түрлері бойынша медальдар ойнатылуда: Гір көтеру, самбо, белбеу күресі, садақ ату, мас-рестлинг, доппен хоккей, шашки және ұлттық спортымыз қазақ күресін көрсетті. Ауқымды жарысқа 7 мемлекеттен 400 ге жуық спортшылар қатысып, бақтарын сынауда. Қатысушылардың басым бөлігі өз спорт түрлері бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері. Біздің Толағайлықтарда жарыста мектеп намысын қорғауда. ТМД ойындарында «Толағай» ЖСШМ»-нен жалпы 2 спорт түрінен 7 спортшымыз қатысып келесі нәтижелер көрсетті:
Белбеу күресі:
Дюсембаева Ботагоз 52 келі салмақ дәрежесі – ІІ орын.
Абдрахманов Мадияр 100 келі салмақ дәрежесі – ІІ орын.

Сейтен Айбат түйе балуан – ІІІ орын.

Гір көтеру:
Ахметов Магзам 63 келі салмақ дәрежесі – І орын,
Мушекенов Тимур 73 келі салмақ дәрежесі – ІІІ орын,
Ашимов Адильбек 78 келі салмақ дәрежесі – ІІ орын,
Абдахин Серик Нургалиевич гір көтеру спортынан жаттықтырушы-оқытушы 68 келі салмақ дәрежесі – ІІІ орын.
Спортшыларымызды құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу