Жаңалықтар

«Астана Қыраны» атты қазақ күресі бойынша республикалық турнир!

2018 жылы 28 сәуірде жыл сайын өтетін «Астана Қыраны» атты қазақ күресі бойынша республикалық турнир болып өтті. 8 салмақтық дәрежедегі 91 спортшылар күш сынасты.
Құрметті қонақтар ретінде шақырылғандар:
-Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мажағұлов Болат Бауыржанұлы;
-«Толағай» жоғары спорттық шебер мектебінің басшысы Данияров Бағдат Болатұлы;
-Астана қаласының «Олимпиада резервісін дайындау орталығының» басшысы Кабдулин Самат Амангелдіұлы;
-«Даулет» спорткомбинатының директоры Ельжанов Қуандық Ескермесұлы;
-Спорт және дене шынықтыру істері Комитетіндегі «Бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрін дамыту басқармасының» жетекшісі Рамазанова Қарлыгаш Әсетқызы;
-«Спорттық-бұқаралық іс шараларды өткізу бойынша дирекциясының» басшысы Имашев Азамат Булатович.
Жеңімпаз және «Астана-Қыраны» атты беделді атақтың иегері Сейтен Айбат атанды.
Аталмыш турнирдің қорытындысы бойынша «Қазақстан барысы» республикалық турнирде Астана қаласының мәртебесін Сейтен Айбат және Абдулов Айтуар қорғайтын болды.Үшінші орынға ие болған Алшынбаев Ерлан. «Қазақстан барысы» шілде айында өтеді. Республикамыздың ең мықты спортшылары күшсынасатын болады.

Біздің жеңімпаздарға сәттілік және жарқын жеңіс тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу