Жаңалықтар

AIBA жаңа флешмоб жариялады

Халықаралық әуесқой бокс ассосияциясы #boxingeverywhere флешмобын жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz. «Бокс барлық жерде» ұранымен жарияланған флешмоб халықаралық бокс күніне орай ұйымдастырылған. Оған қатысу үшін «Көлеңкемен бокс» сериясында қатысушылар 20-40 секундтан тұратын видео түсіруі керек. Флешмоб талабы бойынша, қатысушы өз елінің, қаласының көрнекті жерінде түсіріп, #Вoxingeverywhere хэштегімен @aiba_official парақшасын белгілеп, инстаграмға жүктейді. Үздік видеолар @aiba_official парақшасының story-cына шығарылады. Үұздік спортшылардың видеосы жинақ ретінде халықаралық бокс күніне арналған тікелей эфирде көрсетіледі.  Айта кетерлігі, халықаралық бокс күні 22 шілде күні атап өтіледі.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу