Жаңалықтар

2019 жылдың 14-18 тамыз аралығы Монғолия елінде өткен қазақ күресінен Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды.

2019 жылдың 14-18 тамыз аралығы Монғолия елінде өткен қазақ күресінен Азия чемпионатының жеңімпаздары анықталды.

ҚР ұлттық құрама командасы қоржыны 7 медальмен толықты. 8 салмақ дәрежесінде өткен жарыста медальдар абсолюттік салмақ дәрежелерінде берілсе, оның ішінде Қазақ күресінің хас шеберлері қатарынан спортшымыз – Сейтен Айбат, +100 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасып нәтижесінде, күміс медаль жүлдегері атанды. Аталған жарысқа Қазақстан, Қытай, Жапония, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және т.б. елдің 100-ден астам балуандары қатысты.
Қазақтың ұлттық күресі саналатын бұл, «қазақ күресі» — ең көне спорт түрлерінің бірі. Бәрімізге белгілі 1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кіретін спорт түрінің қазіргі өрбу деңгейі аса жоғары десек артық емес. Себебі, «qazaq kuresi халықаралық федерациясы Бас хатшысының кеңесшісі Ұлан Рысқұлтің айтуынша, Иран мен Грузияның кейбір елдерінде қазақ күресінен балалар клубтары ашылды. Жалпы, жұмыс жоспарлы түрде жүргізілді, qazaq kuresi халықаралық федерациясы жарыс үшін барынша қолайлы жағдай жасады. Қатысушы елдердің географиясы ғана емес, сонымен қатар қазақ күресінің qazaq kuresi өршіп келе жатқаны қуантады», 24.kz сайтынан.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу