Жаңалықтар

2018 жылы 5 қазан күні Нұрсултан Əбішұлы Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдамасын жариялады.

2018 жылы 5 қазан күні Нұрсултан Əбішұлы Назарбаев Ақорда резиденциясында  Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдамасын жариялады. Нақты тәжірибелік  істер бағдарламасы, сөзсіз  барлық қазақстандықтарға, жəне бізге, қосымша білім беру педагогтарына қатысты, себебі жыл сайынғы жолдаманың мақсаты – қазақстандықтардың əл-ауқатын   көтеру. Президент жолдамасының, халықтың өмір сапасын көтеру  туралы жетінші бөлімінде, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қол жетімділігін арттыру үшін өңірлік деңгейде резервтерді табу керектігін атап өтті. Үкіметке 100-ден кем емес дене-шынықтыру кешендерін салу тапсырылды, ол дегеніміз тек қаланың білім беру мекемелеріне ғана аса қол жетімді бола қоймай, ауыл мекемелеріне де қолжетімді болар еді.

Бағдарламада Республиканың əл-ауқаты мен өмірін жақсарту үшін Мемлекет алдына нақты тапсырмаларды көрсетті. Мемлекет басшысы халық ішінде өнерлі жəне белсенді жастарға көп назар аударуын атап өтіп қажет. Себебі, біздің Отанның болашағы жастардың қолында. Дəл сол үшін, алдағы жылды Елбасы Жастар жылы деп жария етуді ұсынды.

Мен Ұлт көшбасшысын толық қолдаймын, өйткені спорт дені сау балаларды тəрбиелеуге ықпал етеді. Дені сау балалар – Ұлт денсаулығы – біздің болашақ – бəсекеге қабілетті күшті Мемлекеттің негізі.

Астана қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің басшысы Бағдат Данияров.

 

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу